III халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі 9 қазанда Таразда өтеді

17 Қыркүйек 2015, 08:48

III халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі 9 қазанда Таразда өтеді

2015 жылдың 9-қазанында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді.

Биыл ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізгелі отыр. Бұған дейінгі екі турнирде балуандар 5 салмақта дәрежесінде командалық сынға түссе, биыл 7 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

2015 жылғы ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирінде сегіз мемлекеттен жалпы саны 56 балуан қатысады. Бұған дейін балуандардың салмақ дәрежесі 60, 70, 80, 90 және + 90 келі болып белгіленген еді. Биылдан бастап бұл ережеге өзгеріс еніп, балуандар 55, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта кілемге шығады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған командаларға келесі реттегідей ақшалай сыйақылар табысталады:

1-орын – 9 400 000 теңге

2-орын – 5 640 000 теңге

3-орын – 3 760 000 теңге

 

Турнирдің үзілмес дәстүрі бойынша ұйымдастырушы тарап көрермендер арасында лоторея ойындарын өткізеді. Бағалы сыйлықтармен қатар, ең құнды сыйлық – автокөлік өз иесін күтеді.

 2013 жылғы турнирдің жүлде қоры: 79 000 АҚШ доллары. (Қазақстан, Польша, Моңғолия, Иран, Ресей, Тәжікстан, Қытай және Түркия. Жеңімпаз: Қазақстан)

2014 жылғы турнирдің жүлде қоры: 100 000 АҚШ доллары. (Қатысушы елдер: Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзербайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан. Жеңімпаз: Моңғолия)

Билет бағасы 500-5000 теңге аралығында. Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайынның кассасынан сатып алуға болады. Байланыс телефондары: +7 (7262) 54-06-05,  + 7 707-503-23-23.

Балуандар

Бұған дейін халықаралық «Еуразия Барысы» турнирінің екі мәрте өткені белгілі. Алғашқы рет өткен турнирде 8 мемлекет бақ сынаса, былтырғы сында 12 мемлекет балуандары бақ сынады. Биыл турнирге 8 мемлекеттің балуандары командалық сында күреседі. Осы орайда қазақ күресінен сынға түсетін елдердің балуандарын әзірше белгілі болғаны мыналар:

Моңғолия:

Моңғол балуандары турнирге екі рет қатысып, екеуінде де финалда шықты. «Еуразия Барысы» турнирінің 2014 жылғы жеңімпазы атанды. Моңғол құрамасы сапындағы Сугарджаргал Болдпурев екі жыл қатарынан турнирдің ең ауыр балуаны болды (салмағы 194 келі). «Еуразия Барысы» турниріне моңғол балуандары арасында Хэрлэн Ганболд 3, Монхбат Дагвадорж 1, Ган Тувшинжаргал 2 рет қатысқалы отыр. 

 

Мемлекет

Қонақтар дәрежесі

аты-жөні

салмағы

бойы

 

қатысушы

Сумия Батгал

55 келі

165 см

 

қатысушы

Хэрлэн Ганболд

66 келі

173 см

 

қатысушы

Ганбаатар Одбаяр

74 келі

175 см

 

қатысушы

Монхбат Дагвадорж

82 келі

176 см

 

қатысушы

Ган Тувшинжаргал

92 келі

178 см

 

 

қатысушы

 

Бунддорж Жанчивдорж

 

100 келі

 

180 см

 

 

 

қатысушы

Алтангерел Даваням

130 келі

188 см

 

 

Түркия:

Түркия құрамасы бұған дейін турнирге екі рет қатысты. Алайда олар осы уақытқа дейін «Еуразия барысы» халақаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болған жоқ. Түркия құрамасының сапындағы Ахмет Озбай, Юнус Емре Байындыр, Мұрат Гемалмаз сынды балуандар «Еуразия Барысына» биыл екінші мәрте қатысады. 

Мемлекет

Қонақтар дәрежесі

Аты-жөні

Салмағы

Бойы

 

қатысушы

Озбай Ахмет

55 келі

163 см

 

қатысушы

Ескендір Озканоғлы

66 келі

165 см

 

қатысушы

Ибрагим Халил Озун

74 келі

170 см

 

қатысушы

Илкер Гулдурен

82 келі

182 см

 

қатысушы

Сахин Турсак

90 келі

180 см

 

қатысушы

Юнус Емре Байындыр

- 100 келі

185 см

 

қатысушы

Мұрат Гемалмаз

140 келі

183 см

Польша:

Польша құрамасы биыл үшінші рет «Еуразия Барысы» турнирінде бақ сынайды. Күрес түрлерінен халықаралық жарыстарда оза шауып, жүлде алып жүрген польшалық балуандардың қазақ күресіне де таласы бар. ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне Польша командасындағы Бартоломей Гарбачик мен Радослав Козчински осымен екінші рет қатысқалы отыр.

Мемлекет

Қонақтар

Аты-жөні

Салмағы

Бойы

 

қатысушы

Марек Ваврзкивич

55 келі

170 см

 

қатысушы

Бартоломей Гарбачик

66 келі

170 см

 

қатысушы

Филип Пузыр

74 келі

172 см

 

қатысушы

Радослав Козчински

82 келі

175 см

 

қатысушы

Микола Трзешнивский

90 келі

189 см

 

қатысушы

Петр Сарек

- 100 келі

175 см

 

қатысушы

Якуб Зарзечны

+ 100

181

Ресей:

Ресей құрамасы «Еуразия Барысы» турниріне тұрақты қатысып келе жатыр. Биылғы турнирде олар толық құрамда бақ сынайды. Көрші ел командасы бұған дейін қола жүлдегер атанды. Бұл жолғы құрамы толық жаңарғанын да айта кету керек. Аса ауыр салмақта Ресей намысын қорғайтын Максим Ширяев есімі қазақ күресі жанкүйерлеріне етене таныс болуы тиіс. Естеріңізде болса, ол  2014 жылы Павлодар қаласында өткен «Әлем Барысы» турнирінің қола жүлдесін иелеген.

 Мемлекет

Қонақтар дәрежесі

Аты-жөні

Салмағы

Бойы

 

қатысушы

Алексей Кухменько

55 келі

165 см

 

қатысушы

Акопян Акоп

66 келі

168 см

 

қатысушы

Сергей Николаев

74 келі

176 см

 

қатысушы

Андрей Перепелюк

82 келі

180 см

 

қатысушы

Гусаров Андрей

90 келі

188 см

 

қатысушы

Әзірге белгісіз

- 100 келі

 

 

қатысушы

Максим Ширяев

+ 100 келі

189 см


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Суреттер ІІІ халықаралық "Еуразия Барысы" шарасынан.

Бөлісу: