III.ҮЛГІ

26 Наурыз 2014, 08:35

Жер учаскесiн сатып алу-сату (иелiк қағаз) шарты.

Жер учаскесiн сатып алу-сату (иелiк қағаз)

ШАРТЫ

 

_________ қаласы                № ____      20 ____ жылғы « ___» ________

 

 _______________________________________________________________,

(заңды тұлғаның атауы, резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi мен нөмiрi, кiм тiркедi)

бұдан әрi «Сатушы» деп аталады, Жарғының, Ереженiң, 20 __ жылғы «__»_____№_______сенiмхаттың негiзiнде iс-әрекет ететiн (шартқа қол қойған тұлғаның лауазымы, аты-жөнi) арқылы және __________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi және нөмiрi, кiм тiркедi немесе жеке тұлғаның аты-жөнi, азаматтығы, резиденттiгi, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi және күнi)

бұдан әрi «Сатып алушы» деп аталатын, төмендегiлер туралы осы Шартты жасады:

 

  1. Шарттың мәнi

 

1.1. Сатушы сатты, Сатып алушы (жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты) арналған (атауы) қарауындағы (жердiң негiзгi мақсаттары) жерде орналасқан көлемi _______ (шаршы метр) жердi осы шартқа қоса берiлген жоспар (сызба) шегiнде кадастр № _______ (онда орналасқан жылжымайтын мүлiкпен не ол жоқ) жер учаскесiн сатып алды.

 

  1. Шарт бойынша ақы төлеу

 

2.1. (сенiмхат, конкурс нәтижелерi, аукцион) бойынша айқындалған жер учаскесiнiң сату бағасы __________ (____________________) теңгенi құрайды, оның iшiнде жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бағалау құны __________ (____________________) теңге.

2.2. Сатып алушы:

2.2.1. Сатушының банктегi (банк деректемелерi) №____ шотына төлем құжаты (төлем құжатының атауы, нөмiрi және ақы төлеу күнi) бойынша __________ (____________________) теңге төлейдi.

2.2.2. Кепiл ұстаушы (шарттың заты кепiлге салынған болса) (кепiл ұстаушының атауы) осы шартқа қоса берiлген Сатушы растаған шарт затына кепiлақыны өтеу үшiн қажеттi берешек бойынша кепiл ұстаушының талабына сәйкес (банк деректемелерi) банктегi № _____ шотқа __________ (____________________) теңге аударады.

2.3. Сатып алушы Сатушыға қолма-қол ақшамен (жер учаскесі бағасын қолма-қол ақшамен толық немесе iшiнара төлеген жағдайда) __________ (____________________) теңге мөлшерiндегi соманы бердi.

2.4. Ақы төлеудiң басқа нысандары:

а) ______________ (_________________________) теңге аукционға қатысқан кезде төлем құжаты бойынша (ақы төлеудiң атауы, нөмiрi және күнi) кепiл ретiнде;

б) ____________________аударылды.

 

 

  1. Жер учаскесiнiң ауыртпалылығы

 

Сатушының меншiгiндегi және Сатып алушы меншiгiне сатып алған пайдалануға шектеулiктерi бар жер учаскесiнiң бөлiгi _____________ (шаршы метр) алаңға және __________ (шаршы метр) алаңға басқа тұлғалардың құқық ауыртпашылығы болады.

 Басқа тұлғалардың құқық ауыртпашылығы бар және осы құқықтарды қорғау, сондай-ақ пайдалануға шектеулiктерi бар жер шекарасы осы шартқа қоса берiлген жер учаскесiнiң жоспарында (сызбасында) көрсетiлген.

 

  1. Тараптардың жауапкершiлiгi

 

4.1. Сатушы сатты, Сатып алушы кез келген (осы шарттың 2-бөлiмiнде және 3-бөлiмiнiң 2.2.2-тармағында жазылғандардан басқа) мүлiктiк құқығы және Сатушы мен Сатып алушы шарты жасау сәтiнде бiлуi мүмкiн емес шағым-талаптары жоқ жер учаскесiн осы шарт бойынша сатып алды.

4.2. Тараптардың осы шартта көзделмеген жауапкершiлiктерi мен құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

5.1. Шарт жер ресурстары және жер қойнауын қорғау бойынша аудандық (қалалық) комитетте иелiк қағазды нотариат растап, тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

5.2. Осы шарт _____ данада жасалды. Бiрiншi данасы – Сатушыға, екiншi данасы Сатып алушыға берiледi.

5.3. Шарттың ажырамас бөлiгi ретiнде:

– жер учаскесiнiң жоспары немесе жер учаскесi шекарасының сызбасы (барлық жағдайда қоса берiледi);

– жер учаскесiнде орналасқан (шарттың заты ретiнде құрылыс, үй-жай және ғимаратттар енген жағдайда қоса берiледi) құрылыс, үй-жай және ғимаратттарды бағалаудың жиынтық ведомосы;

– конкурс бойынша (жер учаскесi конкурс бойынша сатылғанда қоса берiледi) жер учаскесiн сатып алу шарттары;

– шартты жасаған кезде Сатушының атынан уәкiл ретiнде iс-әрекет жасайтын тұлғаға сенiмхат (шартқа Сатушының уәкiлеттi тұлғасы қол қойған жағдайда қоса берiледi);

– шартты жасаған кезде Сатып алушының атынан уәкiл ретiнде iс-әрекет жасайтын тұлғаға сенiмхат (шартқа Сатып алушының уәкiлеттi тұлғасы қол қойған жағдайда қоса берiледi)

 

 

 

 

 

  1. Тараптардың мекенжайы және банктiк деректемелерi

 

Сатушы

 

Сатып алушы

 

_______________________________

(шарттың түрi бойынша ЗТ немесе ЖТ атауы)

_______________________________

(шарттың түрi бойынша ЗТ немесе ЖТ атауы)

_______________________________

(орналасқан елi)

_______________________________

(орналасқан елi)

_______________________________

(қала, п/б, көше, үй және офистiң нөмiрi, факс, телефон нөмiрi)

_______________________________

(қала, п/б, көше, үй және офистiң нөмiрi, факс, телефон нөмiрi)

_______________________________

(есеп айырысу немесе валюталық шотының нөмiрi, қызмет көрсететiн банктiң атауы, ФАА, СТН, төлем мақсатының коды)

_______________________________

(есеп айырысу немесе валюталық шотының нөмiрi, қызмет көрсететiн банктiң атауы, ФАА, СТН, төлем мақсатының коды)

_______________________________

(шартқа қол қоятын тұлғаның қызметi, аты-жөнi, қолы, мөрi, егер жеке тұлға болса, оның СТН, ӘЖК)

_______________________________

(шартқа қол қоятын тұлғаның қызметi, аты-жөнi, қолы, мөрi, егер жеке тұлға болса, оның СТН, ӘЖК)

 

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Бөлісу: