III.ХVIІІ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай

31 Наурыз 2014, 06:22

1723 жылы ерте көктемде қапысыз қамданған жоңғарлар Қазақ еліне өлшеусіз қасірет әкелген қанды жорығын бастайды.

1718 жылғы шапқыншылық кезінде қазақтардың бірлесе қайрат жасай алмауының, одан кейінде хан сайлауына қатыстытуындағаналауыздықтыңжай-жапсарыменелбилеуші хан-сұлтандардың ендігі тірлігін жіті қадағалап отырған жоңғарлар сексен жыл бойы толассыз жүргізіп келе жатқан «Дала жорығын» біржола тиянақтай шешудің орайлы сәті туғанын ұқты. «Дала жорығының» тізгінін Батур қонтайшыдан кейін қолға алған Ғалдан-Бошұқты өз елінің ішінде жауынгерлік тәртіпті берік жолға қойып, соғыс қимылдарында европалық қару-жарақты пайдалануды алғаш енгізе бастаса, одан кейін билікке келген Сыбан-Раптан жауынгерлік дәстүрді жалғастыруменғана шектелмей, батыстың мылтық, зеңбірек сияқты отты қаруларын көптеп жасап, сарбаздарын жаңа қаруларды ұрыс даласында пайдалануға үйретуді қолға алады. Жоңғар хандығында европалық қарулар жасау ісінің жолға қойылуына жоңғарлардың орыс бекіністеріне жасаған шабуылдары барысында қолға түскен шеберлердің септігі тиген. Мәселен, жоңғарлар арасында болған Зеленовский деген орыс шебері мылтық жасау ісіне үйретсе, 1715 жылы Ресейдің Сібір шекарасына жоңғарлар жасаған шабуылдардың бірінде қолға түскен бұрынғы швед офицері Иоганн Густав Ренат зеңбіректер өндірісіне жол ашқан. Сондай-ақ, жоңғарлар қолында қытайлармен болған соғыстар кезінде қолға түскен зеңбіректер де бар еді.

Сонымен, Қазақ Даласын түгелдей өз қоластына қаратып, толықтай өз билігін орнықтыруды мақсат еткен жоңғар билеушілеріқытаймен арадағы соғыс қимылдарын тоқтата тұруды жөн көріп, шығыстағы көршісі Цинь империясымен бітім шартын жасасады да, қазақ жеріне жасалар жаңа жорыққа тыңғылықты дайындалады. Жоңғар әскерінің қолбас­шылығына Шона Доба тағайындалады. Оның жоспары бойынша, қазақ жеріне жасалатын шабуыл екі бағытта өрістеуге тиіс болды, яғни жоңғар қолының бір бөлігі Қаратау арқылыШу, Талас өзендері бойына, екінші бөлігі Шыршық өзенінің қойнауына бет түзеуге тиіс болатын. Ал бұл жылдарда Қазақ хандығының бүтіндігіне жарықшақ түсіп, іштей ыдырай бастаған еді.

1723 жылы ерте көктемде қапысыз қамданған жоңғарлар Қазақ еліне өлшеусіз қасірет әкелген қанды жорығын бастайды. Қыстың қары кетіп үлгермеген өліара шақта жоңғарлар тарапынан жойқын шапқыншылық күтпеген қазақ жұрты жау қолынан аяусыз қырғынға ұшырайды, аман қалғандары мал-мүлкіне де қарамастан, жаяу-жалпы жансауғалай, босып кетеді. Жекелеген жаужүрек батырлардың бастауымен болған қарсылықтар, жоңғардың қалың қолына қарсы тұрған шағын жасақтардың ұрыс-шайқастары ерлікке толы болғанымен, ел тағдырын шешуге ықпал етерлік нәтижеге жете алмады.

Аманжол Әлтай, «Жыраулар мұрасы»

Бөлісу: