II.ҮЛГІ

26 Наурыз 2014, 08:34

№__ Еңбек шарты

№ ___ Еңбек шарты

 

Астана қаласы                                          20__жылғы «___»  _______

 

 

 _____________________, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры ________________ бірінші тараптан, бұдан әрі «Қызмет беруші», екінші

(аты-жөні)

тараптан____________, бұдан әрі «Қызметкер», Қазақстан Республикасының

               (аты-жөні)

2007 жылғы 15 мамырдағы № 252-III «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес төмендегі еңбек шартын жасасты.

 

1. Шарттың мәні

 

1.1.         Қызмет беруші міндеттейді және ақы төлейді, ал Қызметкер «________________» қызметіне лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндетін атқарады және атқарған жұмысына байланысты жауапты болады. Лауазымдық нұсқаулықтар тараптардың келісімі бойынша осы шарттың орындалуы барысында өзгеруі мүмкін.

1.2.         Қызмет беруші Қызметкерден Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларындағы жағдайлардан басқа, шартта көрсетілмеген жұмыстарды орындауды талап етуге құқылы емес.

 

2. Шарттың мерзімдік күші

 

2.1. Осы шарт мерзімінің: басталуы – 20___ жылғы ___ қаңтар, аяқталуы – 20___жылғы 31 желтоқсан.

2.2. Қызметкерлердің тапсырылған жұмысқа лайықтылығын тексеру мақсатында оған 3 (үш) ай сынақ мерзімі белгіленеді.

2.3. Сынақ мерзімі өткенге дейін тараптардың біреуі осы шартты бұзуға құқылы, сонымен қатар шарт жазбаша хабарландыру хат арқылы да бұзылды деп есептеледі.

 

3. Қызметкердің міндеттері мен құқықтары

 

3.1.  Қызметкер:

1)    Өзінің лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген еңбек міндеттерін адал атқаруға;

2)    еңбек тәртібін, нормалар талабын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен ережелерді, сонымен қатар Қызмет берушінің өндіріске қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша талаптарын, өндіріс санитариясын және өрт қауіпсіздігін сақтауға;

3)    жұмыс істеу барысында мекеменің мүліктеріне зиян келтірмеуге, тәртіп бойынша жабдықтар мен материалдарды, жеке және ұжымдық қорғану жабдықтары қолдануға;

4)    Қызмет берушінің коммерциялық құпияларына қатысты оған сеніп тапсырылған мәліметтерді жария етпеуге және берілген мүліктерге материалдық жауапты болуға;

5)    зейнетақы жинақтаушы қорынан басқасына ауыстыру барысында жинақтаушы қорымен шарт жасасу туралы Қызмет берушіні хабардар етуге;

6)    Қызмет берушінің талаптары мен мүдделеріне сәйкес әрекет етуге;

7)    осы шарт бойынша міндеттердің орындалуына байланысты Қызмет беруші арқылы берілген мүліктерге толық материалдық жауапты болу туралы шартқа қол қоюға

міндетті.

 

3.2. Қызметкер:

1) Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шартты өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2) еш кемсітушіліксіз еңбегіне сәйкес еңбекақы алуға;

3) кәсіптік одаққа немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге, егер өзге заңнамалық актілерде тыйым салынбаса, өз еркімен мүше болуға;

4) демалыс алуға;

5) еңбек міндеттерін атқаруға оның денсаулығы мен мүлкіне келтірілген шығындардың өтелуіне;

6) өтемақы мен кепілдіктердің берілуіне;

7) еңбек дауларын тараптардың келісімімен немесе сот тәртібімен шешуге;

8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;

9) жеке басының беделі мен абыройын сақтауды талап етуге

құқылы.

 

4. Қызмет берушінің міндеттері мен құқықтары

 

4.1. Қызмет беруші:

1) кодекске сәйкес Қызметкерлерді еңбектің қауіпсіздік жағдайларымен қамтамасыз етуге;

2) жеке еңбек шарты мен еңбек кодексінің талаптарын сақтауға;

3) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға;

4) қызметкерлер өкілінің ұсыныстарын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасасуға;

5) мекеме қаражаты есебінен, еңбек міндеттерін атқару үшін Қызметкерді қажетті жабдықтар және материалдармен қамтамасыз етуге;

6) Қызмет берушінің актілерімен, осы шартпен, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылған еңбекақысын және басқа да төлемдерін уақытында және толық көлемде төлеуге;

7) Қызметкерге Еңбек кодексінде қарастырылған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен демалыстың басқа да түрлерін беруге

міндетті.

 

4.2. Қызмет беруші:

1) еңбек кодексінде белгіленген тәртібімен осы шартты бұзуға және тоқтатуға, толықтыруға, өзгертуге;

2) өз құзыреті шегінде Қызмет берушінің актілерін, оның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша шығаруға;

3) Қазақстан Республикасы кодексімен белгіленген тәртіпте, Қызметкерді ынталандыруға, сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда, материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға;

4) Қызметкер арқылы келтірілген шығынның орнын толықтыруға;

5) өкілдік және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қызмет берушілер бірлестігін құруға және соған кіруге

құқылы.

 

 

 

 

5. Жұмыс күні мен демалу уақыттарының тәртібі

 

5.1. Қызметкерге екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді:

бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы, екі демалыс күн – сенбі, жексенбі.

жұмыс күні - 8 сағат: 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс - 1 сағат:

5.2. Қызметкерді үстеме жұмысқа және мерекелер мен жексенбі күндерінде жұмысқа жұмылдыру Еңбек кодексіне сәйкес жасалады.

5.3. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ұзақтығы - 30 (отыз) күнтізбелік күнмен, жұмыс істеген жылын есептей отырып беріледі. Қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысы қалауы бойынша бөлініп те берілуі мүмкін.

5.4. Қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы еңбек демалысының кезектілігі Қызмет берушінің актілерімен немесе демалыс кестелерімен қарастырылған тәртіппен анықталады.

 

6. Еңбекақы, еңбек мөлшері, кепілдіктер мен өтемақылар

 

6.1. Қызметкерге еңбекақы айына _______ (_____) теңге мөлшерінде белгіленеді.

6.2. Қызметкердің еңбек ақысы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша төленеді.

6.3. Қызмет беруші мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытында Қызметкерді ҚР қызмет орны және лауазымы сақталатын заңына сәйкес қызметтен босатады.

6.4. Қызметкер лауазымдық міндеттеріне байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасы шегінде іссапарларға жіберіледі.

6.5. Қызметтік іссапарлармен байланысты кепілдіктер және өтемақылар Қазақстан Республикасының әрекет етуші Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді және төленеді. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген Қызметкердің іссапардағы үстеме жұмыстар шығынының өтемақысы куәландыратын құжаттар болған жағдайда, Қызмет берушінің қаражатымен жүзеге асырылады.

 

7. Шартты бұзу, өзгерту, мерзімін ұзарту тәртіптері

 

7.1. Шарт тараптар келісімі және еңбек кодексінде қарастырылған негіздер бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін.

7.2. Қызмет беруші, Еңбек кодексінің 54 бабы, 8), 12), 14), 15) тармақтарында қарастырылған жағдайлардан бөлек, шартты бұзудан бір ай бұрын, жазбаша түрде, шарттың бұзылуы туралы Қызметкерді хабардар етуге міндетті.

7.3. Қызметкер 57 баптың 4 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қызмет берушіге еңбек шартының бұзылуы туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.

7.4. Егер тараптардың бірі мерзімі жетуіне байланысты шартты бұзуды талап етпесе, бірақ еңбек қатынасы шын мәнінде жүріп жатқан жағдайда шарт белгісіз мерзімге жасалған деп саналады.

7.5. Осы шартты бұзу жағдайында Қызметкер Қызмет берушіге барлық материалдық активтерді, Қызмет беруші арқылы берілген жабдықтар мен керек-жарақтарды қайтарады. Сонымен қатар, Қызметкер Қызмет берушіге барлық құжаттарды, Қызметкердің қызметімен байланысты өндірілген немесе алынған ақпараттар мен мәліметтерді қайтарып беруі керек.

 

8. Тараптардың  жауапкершілігі

 

8.1. Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес қызметкер лауазымдық міндеттерге жатпайтын қызметтердің орындалмағанына, келтірілген зиянның материалдық жауапкершілігіне тәртіптік жауапкершілік алады.

8.2. Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес Қызмет беруші Қызметкерге зиян келтірілген жағдайда жауапты  болады.

 

9. Басқа да жағдайлар

 

9.1. Осы шартта қарастырылмаған жағдайларда, тараптар Еңбек кодексін басшылыққа алады.

9.2. Осы шарт бірдей заңды күші бар әрбір тарапқа бір-бір данадан, екі дана етіліп жасалған.

 

Жұмыс беруші                                                Қызметкер

_________________                                   __________________

                                                                         ___________________                                                  _________________                               

 

        Қолы                                                                Қолы

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Бөлісу: