19 Қараша 2014, 07:56
Табиғатқа қатысты
Адал малдың енін, өтін, көз қарашығын, безін, жатырын жеуге болмайды.
Айға қарап дәрет сындырма.
Айға қарап отырма.
Айды қолыңмен көрсетпе.
Ай сәулесін бетіңе түсіртпе.
Ай толғанда желі тартпа.
Ай толғанда жолға шықпа.
Ай толғанда көшпе.
Ай толғанда қыз ұзатпа.
Ай толғанда үй тікпе.
Аққуды атпа.
Ақтың жуындысын ағынды суға төкпе.
Ақты төкпе.
Ақ төгілген жерді баспа (малдың желіні іседі).
Аңды ысқырмай атпа.
Буаз малды қуалама.
Дәуітке тиіспе.
Жалғыз ағашқа тиіспе.
Жалғыз ағашты кеспе.
Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберме.
Жаңа туған нәрестенің кіндігі қатқанша күн батпай тұрып күл шығарма.
Жас босанған ананы түнде суға жіберме.
Жас босанған әйелдің есіктен кірген итке "кет" деуіне болмайды (тісі түсіп қалады).
Жерді орынсыз қазба.
Жерошақ аттама.
Жер томпайтпа.
Жолға дәрет сындырма.
Жолға түз алып шықпа.
Жұлдызды саусағыңмен көрсетпе.
Жұлдыз санама.
Иттің құйрығынан тартпа.
Ит баласын үйде ұстама.
Итке ожаумен ас құйма.
Кептерге тиіспе.
Көкектің етін жеме.
Көктемде жан-жануарға тиіспе.
Көк шөпті жапырма.
Көк шөпті жұлма.
Күлді баспа.
Күнге қарап дәрет сындырма.
Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме.
Күн батарда ұйықтама.
Күн батқан соң қорадан мал шығарма.
Күн шығарда ұйықтама.
Кірдің суын баспа.
Қара жерде қазық қалдырма.
Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.
Қарлығаштың ұясын бұзба.
Қаршағаның етін жеме.
Қойға қошқар салғанда зекіп сөйлеме.
Қойға қошқар салғанда қамшы көрсетпе.
Қойдың шуын жерден айырма (сүйретіп апарып таста, әйтпесе қозы қашаған болады).
Қой жүнін өртеме.
Қой төлдеп жатқанда мал берме.
Қотанға дәрет ұсатпа.
Құдыққа түкірме.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Құндыз аулама.
Құстың ұясын бұзба.
Малға зекіме.
Малға қан көрсетпе.
Малдың аяғын бумай бауыздама.
Малдың кемішлігін көзінше айтпа.
Малдың көзінше жыртқыш аң-құстың атын атама.
Малдың көзінше мал ауруының атын атама.
Малдың сүйегін баспа.
Малдың сүйегін отқа жақпа.
Малдың шуын өзіне жегізбе.
Малды басқа ұрма.
Малды зорықтырып қума.
Малды теппе.
Малды шошытпа.
Малшыға көктемде жалаң аяқ, жалаң бас сыртқа шығуға болмайды.
Мал қораға дәрет сындырма (малдың көзіне ак, түседі).
Мал қораға түзге отырма.
Мал қораға түнде от алып кірме.
Мал төлдеп жатқанда тесіліп қарама.
Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды.
Ораза кезінде малдың орынын ауыстырма.
Ордалы жыланға тиіспе.
Отқа су құйып сөндірме.
Отқа түкірме.
Отпен ойнама.
От айналма.
От басына түкірме.
От кеспе.
От шашпа.
От шығарма.
Ошақтағы отты үрлеп сөндірме.
Өлген адамды қорлама.
Өлік шыққан үйдің малын саума.
Өрмекшінің өрмегін бұзба.
Өрмекшіні өлтірме.
Саралақазға тиіспе.
Семіз малды қуалама.
Соғым малын қуалама.
Суға дәрет сындырма.
Суға қарай жүгірме.
Суға түкірме.
Суды сапырма.
Су шашып ойнама.
Сүйекті отқа салма.
Сүтті отқа төкпе (мал желініне қотыр шығады).
Тұзды баспа
Түнде жүгірме.
Түнде күл төкпе.
Түнде күл шығарма.
Түнде кір жайма.
Түнде судың бетін ашық қалдырма.
Түнде тырнақ алма.
Түнде үй сыпырма.
Тірі малға көрсетіп мал сойма.
Tipi малдың етін кесіп алуға болмайды.
Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме.
Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал жаюға болмайды.
Үй ішінде жылан өлтірме.
Шашыңды отқа салма.
Ішетін суға аузыңды батырма.