«Игі істер марафоны» кезінде 500-ден астам игі іс атқарылды

16 Шілде, 06:36 551

Қазақстан бойынша «Игі істер марафоны» өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл қоғам өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген қазақстандықтарды біріктіріп, ізгілікке үндейтін дәстүрлі ұлттық жоба болып саналады. 

9-14 шілде аралығында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы өтті. Осы кезеңде qazvolunteer.kz сайтының «Мейірімділік көрсеткіші» тетігінде 525 игі іс тіркелді, оның ішінде 200 іс-шараны волонтерлердің өңірлік фронт-офистері мен волонтерлік қоғамдастықтары бірлесіп өткізсе, 325 игі іс қазақстандық белсенді волонтерлердің бастамасымен жүзеге асты. Экоапталыққа барлығы 6 мыңға жуық адам қатысты, - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Мәселен, елордада волонтерлер Президент саябағын қоқыстан тазартса, Қызылорда облысында су айдындарын тазарту бойынша «Таза су қоймалары» акциясы болды және Қостанай облысында экологиялық плогинг өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Марафонға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты «Qazvolunteer.kz» сайтынан және @kz_nvs@qazvolunteer.kz әлеуметтік желілерінен алуға болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: