IELTS емтиханына қалай дайындалуға болады?

27 Наурыз, 14:50 846

IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілін білу деңгейін бағалайтын халықаралық тест. Әлемнің көптеген елдерінде жоғары оқу орындарына түсу немесе көші-қон үшін IELTS сертификаты талап етіледі. 7.0+ балл алу – жақсы нәтиже саналады және ағылшын тілінде сенімді қарым-қатынас жасай алатыныңызды көрсетеді. Бүгін жоғары балл алу үшін қандай әдістерді қодлану керегін түсіндіреміз.

IELTS форматы

IELTS емтиханы төрт негізгі бөлімнен тұрады:

Әр бөлім бойынша 0-ден 9-ға дейінгі балл қойылады, ал жалпы балл төрт бөлімнің орташа көрсеткіші ретінде есептеледі. Сондықтан әр бөлімге теңдей дайындалу өте маңызды.

Listening (Тыңдалым) бөліміне терең дайындық

Бұл бөлімде сізге ағылшын тіліндегі диалогтар мен монологтарды тыңдап, олардың мазмұнын түсіну қажет болады.

Дайындық стратегиялары:

Reading (Оқу) бөліміне толық дайындық

Оқу бөлімі ғылыми, публицистикалық және көркем мәтіндерді түсіну қабілетіңізді бағалайды. IELTS Academic және General нұсқаларында бұл бөлімнің құрылымы әртүрлі болады, бірақ екі форматта да мәтінді тез әрі нақты түсіну қажет.

Дайындық стратегиялары:

Writing (Жазылым) бөліміне терең дайындық

Бұл бөлімде екі тапсырма беріледі:

Дайындық стратегиялары:

Speaking (Сөйлеу) бөліміне терең дайындық

Ауызша бөлім үміткердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін бағалайды.

Speaking бөлімінің құрылымы:

  1. Self-introduction (Өзін таныстыру) – күнделікті тақырыптарда сұрақтарға жауап беру.
  2. Cue Card (Картамен сөйлеу) – берілген тақырып бойынша 2 минут сөйлеу.
  3. Discussion (Талқылау) – күрделі сұрақтарға жауап беру, өз көзқарасын дәлелдеу.

Дайындық стратегиялары:

Уақытты тиімді пайдалану және психологиялық дайындық

IELTS тестіне дайындалу барысында уақытыңызды дұрыс басқару өте маңызды.

IELTS-ке 7.0+ балл алу үшін кешенді дайындық қажет. Тыңдалым, оқу, жазу және сөйлеу бөлімдеріне теңдей көңіл бөліп, уақытты тиімді пайдалану керек. Академиялық стильде жазу, нақты сөйлеу және ағылшын тіліндегі материалдарды жиі пайдалану жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі. Дайындық барысында күнделікті ағылшын тілінде сөйлесіп, сынақ тесттерін орындау маңызды. Дұрыс әдістерді қолдана отырып, сіз қалаған нәтижеге қол жеткізе аласыз!

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: