18 Қыркүйек 2014, 06:03
Сіздің жақсы бизнес-идеяңыз болып, бірақ одан ары дамытатын қаржыңыз жоқ па?Немесе сіздің артық ақшаңыз бола тұра, оны көбейту үшін жақсы идея жетіспей ме? Ондасіздің мәселеңізге шешім табылды.
Бүгін Астана қаласында ресми түрде «Инвесторлар Альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестік Президенті Азаматхан Әміртаев айтыпөткендей, «Инвесторлар Альянсының» негізгі мақсаты – жақсы бизнес-идеялар менинвестициялардың арасындағы көпірді құру. Альянс жұмысы «B to B» моделіне сүйенеді. Яғни, бизнестен бизнеске инвестиция салу мәдениетін ел арасында тарату, жаңа бизнес жобаларды іріктеп, оларға кешенді қолдау көрсету. Сонымен қатар азаматтардың бизнес жобаларына инвесторларды табу, қазақстандық бизнес идеяларды шет елдерге таныстыру және еңбек қоғамының құндылықтарын насихаттау сияқты маңызды міндеттер мен мақсаттарды өз мойындарына алатындықтарын айтты.
«Инвесторлар альянсы» бірлестігінің атқарушы директоры Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанда «краудфандингті», яғни қоғамдық қаржыландыру идеясын дамыту керектігін айтты. Краудфандинг қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі – асар іспеттес, яғни болашақ бизнесменге көпшілік болып көмектесу. Инвестор болу үшін миллиондаған доллар салу шарт емес. Оң мың теңге берерсіз, бес мың теңге берерсіз, автоматты түрде инвесторға айналасыз. Әбутәліп мырза сондай-ақ, аталмыш бастаманың инвесторларға қандай пайда әкелетінін де түсіндіріп берді. Мәселен, егер де бір кісіге бизнес жобасын іске асыруға бір ауыл болып көмектесетін болса, онда жергілікті жерде жүздеген, тіпті мыңдаған жұмыс орындарының ашылатындығы анық. Қазіргі таңда инвестиция салудан басқа тиімді балама болмай тұр. Инвесторлар артық ақшаларын депозитке салғаннан көп пайда таппайтындығы бүгінгі күнге дейін талай дәлелденді. Себебі, банктердегі депозиттық өсімдер өте төмен, оның үстіне инфляция бар. Нәтижесінде пайда тек 3-4 пайызды құрайды. Ал бизнеске салынған қаржыда пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда жоғарырақ болады және де пайда көлемі бизнестің түріне қарай өзгеріп отырады. Ең бастысы дұрыс бизнесті таңдап алу. Ол үшін «Инвесторлар Альянсы» қабырғасында бизнес идеяларды талдау, кеңес беру және қолдау орталығы құрылады.
Баспасөз конференцияның соңында бірлестіктің құрылуына үлес қосқан қоғам қайраткері, белгілі тележүргізуші Ирак Елекеев мырзаның шақыруымен келген Дина Сырғабаева ханым өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақыттарда «Инвесторлар альянсы» Қазақстандағы бизнес ортаны дамытуға үлкен септігін тигізетіндігіне сенімді екенін атап өтті.