Идеология

6 Қараша 2015, 11:40

Идеология (грек. idea – түсінік, logos – оқу) – әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жалпы қоғамның, мүдделері мен дүниетанымын қамтитын түсініктер, көзқарастар және идеялар жүйесі.

Идеология (грек. idea – түсінік,  logos – оқу) – әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жалпы қоғамның, мүдделері мен дүниетанымын қамтитын түсініктер, көзқарастар және идеялар (саяси, құқықтық, діни және философиялық ) жүйесі. Идеология адамдарды ұйымдастырады, олардың дәлелдерін анықтайды. Белгілі бір құндылықтар жүйесін пайдалана отырып, жеке және жалпы сананы қалыптастырады, бақылайды, әлеуметтік қатынастардың бағыты мен сипатын анықтайтын бағдарламалар мен мақсаттарды бекітеді. «Идеология» ұғымын ғылыми айналымға француз философы А. Дестют де Траси («Идеология элементтер» (1801-1815) енгізді. ХVIII ғасырда пайда болған алғашқы классикалық саяси идеологияларға консерватизм мен либерализм жатады. ХІХ ғасырда социалистік идеология (социал-демократия, утопиялық социализм, марксизм), анархизм және т.б., ХХ ғасырдағы ұлттық идеологиялар: фашизм, ұлтшыл-социализм, коммунистік идеология (марксизм-ленинизм) пайда болды. Қазіргі заманғы идеологиялар қатарына неоконсерватизм, неолиберализм, неомарксизм және басқалар кіреді. Діни идеология түрлері: христиан демократиясы, исламдық фундаментализм, ортодоксалды индуизм.

Идеологияның негізгі функциялары: 1) бағдарлау – идеология адамның әрекеттерін бағыттайды, қоғамдық дамудың негізгі мақсаттарын анықтайды; 2) мобилизациялық – идеология қоғамды, әлеуметтік топтарды белсенді саяси қызметпен айналысуға итермелей отырып, саяси өмірдің негізгі мәні ретінде көрініс табады; 3) интерграциялық – идеология әлеуметтік топтың бірлігін қалыптастыруға, бірыңғай саяси қоғамдастық құруға өз септігін тигізеді; 4) коммуникативтік – идеология әртүрлі әлеуметтік топтар арасында саяси қарым-қатынас жүйесін жасайды.

Идеологияның классификациясы

Әлеуметтік-саяси идеологиялар:

Таптық идеологиялар:

Ұлттық этникалық идеологиялар:

Өзге де идеологиялар:

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам алдында екі сұрақ тұр: бір идеология қажет па, әлде жоқ па деген сұрақ төңірегінде болса, екіншісі қандай идеологияны ұстану жөнінде.

Идеология деген социалистік авторитарлық мемлекеттерге тән дейтіндердің көбі аталмыш ұғымды «үгіт-насихат» ұғымымен шатастырады. Шын мәнісінде идеология жоқты бар деп, өтірікті ақиқат деп үгіттейтін дүние емес. Идеология, жоғары айтылғандай, белгілі бір идея төңірегінде қоғамды жұмылдырушы.  


Дархан Өмірбек

Бөлісу: