Хромтауда тұрғын үйден өрт шығып, 55 адам эвакуацияланды

21 Шілде, 10:38 688

Бүгін Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттардың жануы орын алды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: