ХҚКО-лардағы ұйымдасқан қылмыстық топ: Антикор мән-жайды айтты

3 Мамыр, 10:16 457

Мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім жариялады.

Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, «Web-Модуль» ҚКО» және «ХҚКО ИАЖ» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды.

2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрайды.

Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 Мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 «көмекшіге» бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ жеті қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айырылды.

Сонымен қатар тергеу барысында арнайы ХҚКО маманы көлік құралдары иелерінің қолтаңбаларын қолдан жасау фактілері автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша нысандарында анықталды.

ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға ұсынымның нәтижесінде автомобильдерді тіркеу қағидаларына автокөлік иесінің ЭЦҚ-кілтін міндетті түрде пайдалана отырып, мәмілелердің электрондық нысанынан жазбаша нысанды алып тастау туралы өзгерістер енгізілді.

Мұндай өзгеріс автокөліктерді сатып алу-сату шартын жасасу кезінде авто иелерінің қолдарын қолдан жасау бөлігінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Сонымен қатар агенттіктің ұсынымдары бойынша міндетті биометрия және қоғамдық бақылау үшін тікелей эфирде бейнетіркеу сынды бақылау шаралары енгізілді.

Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайта тапсыру саны екі ретке шектеліп, ал өте алмаған жағдайда 3 айдан кейін немесе тыйым салынған заттарды пайдаланған жағдайда 6 айдан кейін тапсырады.

Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізудің арқасында емтихандарды тапсырған сыңай таныту тәуекелдерін едәуір азайтуға мүмкіндік туды.

Жалпы, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу осы саладағы барлық қызметке оң әсерін тигізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: