Хостелдерде өрт қауіпсіздігінің профилактикасы өтіп жатыр

5 Желтоқсан 2023, 03:28 752

Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің мамандары өңірдегі хостелдерде профилактикалық рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Осы сипаттағы объектілерде электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбауға байланысты бұзушылықтар, эвакуация жолдарының жабық болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының тиісті санының болмауы және т.б. ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей: «Хостелдер дүкенге немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастырылмауы керек. Жобалық құжаттамаға сәйкес қатаң түрде пайдаланылады».

Адамдар бар ғимараттар жанғыш материалдардың көп болуымен сипатталатын.  Мұндай объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде өрттің таралуы және өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттеріне әсер ететін бірқатар жағдайлар ерекше қиындық тудырады: адамдардың дүрбелеңі, өрттің әрлеу үшін пайдаланған заттармен жылдам жанып, тез таралуы және улы заттардың бөлінуі, қою түтін. Өрт кезінде қызмет көрсетуші персонал өрт туралы «101» қызметіне хабарлауға, барлық шығу жолдарын жедел ашуға және оларға тәртіпті сақтай отырып, адамдарды шығаруы  тиіс.

«Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жатақханалардың иелеріне ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндірді, бұзушылықтарды жою тәртібі бойынша ұсыныстар берді, қонақтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар табыс етілді

ШҚО ТЖД хостелдердің, жатақханалардың үй-жайлары мен ғимараттарында өрт қауіпсіздігінің мынадай ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

- өрт автоматикасын, өрт кезінде хабарлау жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау;

- эвакуациялық шығуларға кедергі келтірмеу;

- өртке қарсы сумен жабдықтаудың тиісті жай-күйін қамтамасыз ету;

- өрт сөндіру құралдарының қажетті мөлшері болу;

- ғимараттардың жертөле қабаттарында адамдардың тұруына арналған үй-жайларды орналастыруға жол бермеу;

- бөлмелерде немесе қабаттарда темекі шегуге жол берілмейді;

- электр қондырғылары мен аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау;

- өрт туындаған жағдайда «112», «101» телефондары бойынша дереу хабарлау қажет.

Берік Арманов
Бөлісу: