Хостелдегі өрт: жедел желі ашылды

30 Қараша 2023, 12:11 868

Жатақханадағы өртке байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Сенім телефоны 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 телефондары бойынша жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде  өрт шыққаны хабарланған еді. Барлығы он үш адам қайтыс болды, оның тоғызы қазақстандық болса, төртеуі шетел азаматтары.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: