Хорватия мен Литва байқаушылары сайлауға қатысты пікірін білдірді

19 Наурыз 2023, 19:31 805
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында баспасөз маслихаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Хорватия мен Литва байқаушыларының өкілдерінің пікірімен брифинг мәресіне жетті.
 
«Бұл сайлау өткен жылы өткен референдумның нәтижесі. Нәтижесі халықты қуантады деген ойдамыз. Біз тек қана сайлау учаскелеріне ғана емес, штаб пәтерлерде де болып, бағдарламалармен таныстық. Әр партияның саяси шешімдеріне үлкен баға беруге болады. Конституцияға енгізілген өзгертулерменде танысып, тың нәтижелер күтеміз. Бізге де кімнің жеңімпаз атанатыны қызықты», – дейді Хорватия Конституциялық сотының судьясы Мато Арлович.
 
Байқаушылардың айтуынша, сайлауда шынайы бәсеке бар.
 
«Барлық мәселелер қарастырлып, жаңа заңнама қабылданған екен. Демократизацияны барлығымыз айтып жатсақта, Қазақстан бұл процесті жеделдете білді. Көп партиялы жүйе мемлекеттің саяси өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Шынайы бәсекелестік байқалып сезілді. Парламент пен үкіметткің кез келген шешімі қоғамның қалауымен тікелей байланысты болуы керек», – деп қорытындылады Қазақстан-Литва парламентаралық ынтымақтастық тобының төрағасы Эдмундас Пупинис.
Айым Даниярқызы
Бөлісу: