Холанд Роналдудың жетістігін қайталады

12 Маусым 2023, 14:00 755

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд бір маусымда Англия чемпионаты мен Чемпиондар лигасында да ең үздік сұрмерген атанған тарихтағы төртінші футболшы болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Vesti.kz мәліметінше, бұған дейін Криштиану Роналду, Рууд ван Нистелрой және Дуайт Йорк қана осы жетістікке жете алған. Бір қызығы футболшылардың бәрі Манчестерден болған.

Дортмундтық "Боруссиядан" жазда ауысқалы бері Холанд 53 матчта ойнап, 52 гол салыпты.

Равиль Ашығали
Бөлісу: