Қазақстан хоккей федерациясы атқару комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабын тағайындау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы федерация мәліметіне сүйене отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Алдағы Кореямен жолдастық матчтарда, Ресей, Беларусь командаларымен өтетін турнирлер мен әлем чемпионатында ұлттық құрама тізгінін мына мамандар ұстайды:
Бас бапкер – Ғалым Мамбеталиев
Жаттықтырушы – Александр Высоцкий
Жаттықтырушы – Ерлан Сағымбаев
Қақпашылардың жаттықтырушысы – Александр Шимин
Жаттықтырушы – Александр Березинский
Бас менеджер – Глеб Каратаев.
Естеріңізге сала кетейік, Ғалым Баубекұлы бұған дейін 2018 жылы әлем чемпионатында (1А) Қазақстан құрамасын басқарған болатын. Сондай-ақ өткен Универсиадада еліміздің студенттер құрамасымен бірге қола медаль жеңіп алды. «Номадпен» бірге өткен маусымда Pro Hokei Ligasy-ның чемпионы атанды.