Хоккейден Қазақстан құрамасы Якутияны ойсырата ұтты

26 Ақпан 2023, 18:55 582

Кузбасста «Children of Asia» халықаралық ойындары өтуде

Хоккейден Қазақстан құрамасы топтағы 2-ойында Якутияны (Саха Республикасын) 11-0 есебімен ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.  

Енді Георгий Верещагин баптайтын спортшылар ертең демалып, арыгүні Кузбасс аймағының командасымен плей-офф жолдамамен сарапқа салады.

Айта кетейік, біздің хоккейшілер кеше Қиыр шығыс федералды округының құрамасынан 3-7 есебімен ұтылған.

EL.KZ
Бөлісу: