Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалына шықты

Бүгiн, 10:17 193

Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден біздің ерлер құрамамыз жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайды тағы қапы қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есеп: 3-1. Олег Болякин шәкірттері 2-айналымның аяғында қарсылас қақпасына 2 шайба салды. Қарсылас матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда есепті қысқарта алды. Ал санаулы секундтар қалғанда қытайлық қақпашы қателесіп, шайба өткізіп алды.

Ертеңгі финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея немесе Жапония болмақ. Олар біраздан соң кім мықтыны анықтайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: