Хоккейден әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

9 Мамыр 2023, 06:18 778

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін хоккейден әлем чемпионатының медальдары таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдағы хоккейден әлем чемпионатының жүлдегерлері марапатталатын медальдар ерекше спорттық атмосфераны және спортшылар үшін жанкүйерлердің рөлін бейнелейді.

Әр медальдың салмағы - 350 грамм, диаметрі - 100 миллиметр және қалыңдығы - 15 миллиметр.

Хоккейден әлем чемпионаты Латвия мен Финляндияда өтеді.

Қазақстан құрамасы Канада, Словения, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия және Норвегиямен бір топқа түсті.

Берік Арманов
Бөлісу: