Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан қақпашысы үздік атанды

18 Желтоқсан 2023, 07:33 1032

Қазақстан командасының қақпашысы Владимир Никитин Будапештте өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Никитин әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен. Ол орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған. 

Сондай-ақ, ол басқа қақпашылармен салыстырғанда айдында көп уақыт өткізді. Бас бапкері Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да қатыстырды. 

Турнир барысында Қазақстан командасының қақпашысы 119 сейв жасаған. Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанып қана қоймай, Қазақстан командасының үздігі атына да лайық деп танылды

Перизат Саденова
Бөлісу: