Хоккейден ӘЧ. Қазақстан құрамасы жарысты жеңіспен бастады

14 Мамыр 2023, 00:26 776

Қазақстан ұлттық құрамасы 2023 жылғы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матчын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Турнирдегі алғашқы ойында Қазақстан Норвегия құрамасымен ойнады. Матч Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Есеп 4: 3.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіске жетті.

Қазақстан хоккейшілері келесі матчта Чехия құрамасына қарсы ойнайды. Ойын 14 мамырда өтеді.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: