Хоккей: Қазақстан құрамасы өз айдынында Оңтүстік Кореядан ұтылды

6 Қараша, 23:14 736

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл турнир тарихта тұңғыш рет өтіп отыр. Алматыға Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай құрамалары келген. Сары құрлықтың алғашқы жеңімпазы айналымдық жүйе бойынша анықталады.

Қазақстан құрамасын Олег Болякин баптайды. Азия чемпионатына «Барыс» пен ҚХЛ-да ойнайтын ешбір клубтың ойыншысы қатыса алмайды. Себебі ол жақта халықаралық үзіліс қарастырылмаған. ҚХЛ-дан тек «Торпедо» қорғаушысы Дмитрий Бреус келген.

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 1:4

0:1 - Ин Гуо Ох (Сеунг Джае Ли, Хюн Сеун Ли) - 20:56
1:1 - Александр Борисевич (Дмитрий Преснов) - 23:51
1:2 - Хо Хюн Джеонг - 34:46
1:3 - Юн Сеок Кан - 58:03
1:4 - Юн Сеок Кан - 59:00

8 қарашада Қазақстан Қытаймен кездеседі. Аспан асты елі Жапонияға жол берді – 1:4. Ал 10 қарашада Қазақстан мен Жапония өзара кім мықтыны анықтайды.  

Зарина Арман
Бөлісу: