Хоккей: Қазақстан құрамасы Олимпиадалық іріктеудің финалына дайындықты қашан бастайтыны белгілі болды

20 Тамыз, 01:24 466

Қазақстан Президентінің кубогі аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы Олимпиадалық іріктеудің финалдық раундына дайындықтың екінші кезеңіне кіріседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хоккей федерациясы 20 және 22 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдынында жаттығулар өтетінін мәлімдеді. 23 тамыз күні кеңейтілген құрам Чехияға аттанып, онда 25 тамыз күні Хомутов қаласында жергілікті хоккей командасына қарсы жолдастық матч өткізеді. Ал 27 тамыз күні Қазақстан құрамасы Братиславаға жетіп, 29-ы күні біліктіліктің алғашқы матчын Венгрияға қарсы ойнайды.

Астанада командаға Никита Михайлис, Валерий Орехов, Евгений Рымарев, Артем Лихотников пен Иван Степаненко қосылады. «Адмирал» хоккейшілері Аркадий Шестаков пен Леонид Метальников, сондай-ақ «Слованнан» Андрей Шутов құрамадағы жұмысқа Еуропаның өзінде кіріседі. 

Перизат Саденова
Бөлісу: