Хоккейден Канада құрамасы әлем чемпионатының финалында Германияны ұтып, чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғаш болып есепті Германия сапынан 21 жастағы Джон-Джейсон Петерка ашты. Ол ойынның 8-минутында көзге түсті.
Араға үш минут салып Канада таразы басын теңестірді. Самуэль Блэйз мергендік танытты – 1:1.
34-минутта Германия тағы алға шықты. Бұл жолы Даниэл Фишбух қақпашыны қапы қалдырды (2:1).
Канада құрамасынан Лоусон Крауз жауап қайтарып, тағы есепті теңестірді.
Осыдан соң үйеңкі жапырақты ел құрамасы матч тағдырын қолға алды. 45-минутта Блайз переправил мергендік танытса (2:3), 7 минуттан соң капитан Тайлер Тоффоли қарсыластарға амал қалдырмады – 2:4.
Германия қақпашысын ойыншыға ауыстырып, жағдайда түзеп көрмек болып еді, дегенмен мұны Скотт Лоутон сәтті пайдаланып, есепті 2:5-ке жеткізді.