Францияның Марсель қаласындағы жеке клиникалардың бірінде 66 жастағы Жерар есімді науқастың ішінен хирургиялық құрал – ұзындығы шамамен 20 см болатын қысқаш табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға іш қуысына жасалған операция кезінде орын алған. Медициналық тәжірибеден өтіп жүрген жас дәрігер қысқаш құралын байқамай пациенттің ішінде қалдырып кеткен.
Бұл медициналық қателік Жерардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірді. Қате салдарынан ол үш бірдей күрделі операцияға түсті, оның бірі – іш қуысына жасалған қайта араласу. Дәрігерлердің айтуынша, бұл қателіктің физикалық және психологиялық зардаптарын толық жою мүмкін емес. Қазіргі таңда Жерардың іш аймағы деформацияға ұшыраған.