Хасанбой Дусматов «Странджа» турнирінде оңбай ұтылды

Кеше, 23:18 162

Болгарияда өтіп жатқан дәстүрлі «Странджа» турнирінде Өзбекстанның танымал боксшысы, Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов жарысты ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

54 келі салмақта өнер көрсеткен Дусматов жартылай финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте француз боксшысы Кристофер Гиппократқа 4:1 есебімен жол берген. 

Бұл турнирде қазақстандық 4 боксшы жартылай финалға шықты. Сондай-аұ, Дусматовпен бірге 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Махмұд Сабырхан тамақтан улануына байланысты турнирден шығып қалды. Бұған дейін бәсекеге әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да қатысқан еді, алайда алғашқы жекпе-жегінде жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: