«Хаосқа айналады». Асхат Аймағамбетов Павлодарда сабақ уақытын қысқартқандар туралы айтты

17 Қыркүйек, 18:01 469

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Павлодарда сабақ уақытының 40 минутқа қысқарғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Экс-министр әр облыс сабақтың ұзақтығын өзі шешетіні үлкен проблема тудыратынын атап өтті.

Павлодар облысының басшылары сабақтарды 30 минутқа дейін қысқартуды ойлап таппағанына шүкір! Бұндай логикамен, енді жаңа мектептер салмай-ақ, төрт ауысымға көшіп, миллиардтаған қаражатты үнемдеуге болар еді. Шынын айтқанда, Павлодарда сабақтарды қысқарту көптеген сұрақ туғызады. Аймақтарда сабақтың ұзақтығын өздері шешіп, әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда онлайн оқуға көшетін болса, оқу процесі мүлдем хаосқа айналады. Бағдарламалардың мазмұны, білім мақсаттары өзгермей, қалай сабақты қысқартуға болады? Бұл білім сапасына және барлық оқушыларға сапалы білім алу үшін тең жағдай жасауға үлкен проблемалар тудыратыны анық. Қызық парадокс: бір жағынан, ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуі енгізіліп жатыр, ал екінші жағынан – әр облыс сабақтың ұзақтығын өзі шешеді. Бірізділік қайда? Ғылымға негізделген шешім қайда?, – деп жазды Асхат Аймағамбетов. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: