ХАМАС Израильдің алты азаматын кепілдіктен босатты

Кеше, 20:12 233

Қызыл жарты ай өкілдеріне ең алдымен Таль Шохам мен Авера Менгисту берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Содан кейін 2023 жылдың қазан айында ұрланған 22 жастағы Томер Шем-Тов, 27 жастағы Элиа Коэн, 23 жастағы Омер Винкерт те Израильге оралды. Кейінірек Хишам ас-Саид босатылды, ол 10 жыл тұтқында болған.

Бұл ХАМАС 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде босатуға уәде берген 33 кепілге алынғандардың соңғы легі.

Асқар Таудай
Бөлісу: