Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында акция өтті

Кеше, 16:34 179

Бүгін Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады.

Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

Аталған акцияға қала тұрғындары өздері керекті өзекті мәселелері бойынша сұрақтарына жауаптарын алды.

Яғни, негізгі мәселелердің бірі жер қатынастарына қатысты жер кезегі, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелері, жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үй кезегі, тұрғын үйді приватизациялау, қала аумағында жол, инфрақұрылым проблемалары, сондай-ақ құқықтары бұзылған азаматтардың өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдеріне, адвокаттар мен заң консультанттарына жүгініп, одан бөлек қала аумағындағы кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және жұмыскерлерге жалақы қарызы туралы мәселені шешу бойынша көмек көрсетілді.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: