Халықтың көші-қоны туралы заң Мәжіліске қайтарылды

18 Сәуір, 10:28 2117

Бүгінгі Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының екінші оқылымы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаевтың айтуынша, Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Қарастырылып отырған заң Сенат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 жұмыс тобының, бас комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланып, қарастырылды. Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер 11 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталып, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр, - дейді Советбек Медебаев.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенат отырысының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 4-тармағына сәйкес заңның жекелеген нормаларын мақұлдамауды және көрсетілген нормалардың жаңа редакциясын ұсына отырып заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қайтаруды ұсынды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: