Халықты дүрліктіргендер жазалануы керек - Ардақ Назаров

11 Желтоқсан, 11:44 612

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Талғарда болып жатқан оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жалған ақпарат таратқандарды жазалауды талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір біз үшін ең маңызды нәрсе - елдің ауызбіршілігі. Өзіміз әрең жеткен тәуелсіздікті арандату үшін небір құйтырқы әрекеттерге баратындар көп. Сондықтан дұрыс ақпарат таратылмай, халықты дүрліктіргендер жазалануы керек. Ақпаратты таратқан адамдардың артында кім тұрғаны зерттелуі керек және заң тұрғысында жазалануы тиіс. Сонда ғана басқаларға сабақ болады, - дейді Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров.

Айта кетейік, Талғар маңынан марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Кейіннен оның өлер алдында ағасына жазған хаты жарияланды

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: