Халыққа қызмет ету үшін сайлауға қатысып жатырмыз — Respublica партиясы

6 Ақпан 2023, 15:52 1391

Бұл туралы Respublica партиясының съезінде сөз алған партияның тең төрағасы Қуаныш Шонбай мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Respublica партиясының тең төрағасы Қуаныш Шонбай халықпен бірге және жақын екендіктерін айтты.

«Біздің мақсат құр билікке келу емес, халыққа адал қызмет ету. Халыққа қызмет ету үшін сайлауға қатысып жатырмыз. Қазір елімізде саяси өзгерістер жүруде. Әр қазақ үлкен тағдырдың, шежіренің иесі. Бәріміз қарапайым халық арасынан шықтық. Біз халыққа жақынбыз. Ең маңызды нәрсе бақытты болу. Бақыт үшін не істеп жатырсың дегенде, ұялып қаламыз. Осы партияны құрудағы мақсат бақыт жолында күресу. Көбісі сендердің мақсаттарын билікке келу деп ойлайды. Халыққа адал қызмет ету үшін адал кәсіп аштық. Біздің жұмыс жүрекпен жұмыс жасау», - дейді Қуаныш Шонбай.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: