Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды

22 Мамыр 2023, 17:20 939

Зорлық-зомбылығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады, - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.

Ол Астана Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

EL.KZ
Бөлісу: