Халықаралық инспекторлар әуеде Атырау облысының аумағын тексерді

25 Қараша 2022, 18:26 877

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті

Дания мен ГФР өкілдерінің қатысуымен қаруды бақылау жөніндегі грек орталығының көпұлтты тобы Еуропадағы қарапайым Қарулы Күштер туралы шарт шеңберінде Қазақстанның батыс аймағында инспекция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Халықаралық құжатта қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі санаттарының мониторингі көзделген. Бұларға танктер, бронды жауынгерлік машиналар, артиллериялар, соққы беретін тікұшақтар және жауынгерлік ұшақтар жатады.

Екі тәулік ішінде ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері "көрсетілген ауданның" аумағын айналып ұшып өту арқылы әуе инспекциясын жүргізуді қамтамасыз етті.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропадағы қарапайым Қарулы Күштер туралы шарт шеңберінде халықаралық міндеттемелерді сақтайтыны аталды. Инспекцияланатын ауданда мәлімделмеген қару-жарақ пен әскери техника жоқ.

Греция, Дания және ГФР инспекторлары тексеру іс-шараларын өткізуге көмектескені үшін Қорғаныс министрлігіне  ризашылықтарын білдіріп, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: