Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

14 Қараша 2022, 19:13 1541

Барлығы 641 байқаушы аккредиттелді

ОСК отырысында 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет елдерден байқаушыларды аккредиттеу аяқталғандығы мәлім етілді, деп хабарлайды El.kz

Дәл қазір халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. Барлығы 641 байқаушы аккредиттелді, оның ішінде 532 байқаушы 10 халықаралық ұйымнан және 109-ы байқаушы шет мемлекеттен.

"Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жарияланымына және мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінін атап өткім келеді. Сондай-ақ, халықаралық ұйым мен шет мемлекетпен сайлау саласындағы тұтас ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі", - деді  ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: