Халықаралық байқау институтынан 79 байқаушы тіркеуден өтті

18 Ақпан 2023, 11:31 970

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


Байқаушыларды акредиттеу жұмысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндады.


«Халықаралық байқау институты ашылғалы бері 9 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан жалпы 79 байқаушы тіркеуден өтті. Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 4 байқаушыны тіркеуден өткізу ұсынылды. Оның ішінде Бельгия Корольдігінен 2 кандидатура, Қырғыз Республикасынан бір кандидатура, демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросында бір кандидатура бар. Бірақ Сыртқы істер министрлігі демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бір мүшесі қатыса алмайтындығын айтты. Осыған байланысты бір кандидатура тіркеуден алынып тасталды», - деді ол.


Естеріңізге сала кетейік, партиялық тізімдерді тіркеу кезеңі жергілікті уақыт бойынша 18 ақпан күні 18:00-де аяқталады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: