Халықаралық алпауыт компания Астанада академия ашады

19 Қыркүйек 2023, 22:17 492

Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен GE HealthCare компаниясы денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, Қазақстанда жергілікті сараптама мен өндірістік мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту мақсатында негіздемелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл клиникалық кескіндердің орталықтандырылған ұлттық мұрағатын құрудың есебінен Қазақстанның денсаулық сақтау саласының цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту. Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық жабдықтар өндірісі.

Келісім оның тиімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның денсаулық сақтау мекемелерінде орнатылған GE HealthCare медициналық жабдығына сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтиды.

Сондай-ақ жаңа оқу орталықтарын ашу және Қазақстан дәрігерлері мен медициналық мамандық студенттерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған GE HealthCare Academy білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Біз GE HealthCare еліміздің мекемелерін жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандыруға, цифрлық шешімдерді енгізуге және дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының мамандары үшін кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатыса отырып, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді серіктесі болып табылатынын мақтан тұтамыз. Бүгінгі келісім біздің ынтымақтастығымыздың маңызды кезеңі болып табылады және денсаулық сақтаудың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, жергілікті кәсіби сараптаманы кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда медициналық жабдыққа өндірістік мүмкіндіктер мен сервистік қызмет көрсетуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыру үшін негіз жасайды, - деп атап өтті Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы GE Healthcare президенті және бас атқарушы директоры Роб Уолтон.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният GE HealthCare компаниясымен қол қойылған құжаттың ерекше маңыздылығын айтты. Ол жылдар бойы медициналық жабдықтар, технологиялар, фармацевтикалық препараттар өндірісінің әлемдік нарығында жетекші орынға ие болды.

Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында елге инвестициялар тартылады. Қазақстанда өндірісті оқшаулау үшін денсаулық сақтау саласына жетекші әлемдік компаниялар ынтымақтастық үшін шақырылады. Бүгін негіздемелік келісімге қол қойылды. Соның негізінде біз 60 млн доллардан астам инвестиция тарта аламыз. Бұл Қазақстанда медициналық техника өндірісін құруды, сервистік орталықтар ашуды, жергілікті мамандарды оқытуды көздейді, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, GE HealthCare-пен келісімдердің шеңберінде диагностикалық жабдықтың кескіндерін цифрландыру, жасанды интеллектінің көмегімен диагностиканы жақсарту үшін ұлттық деректер базасын құру сияқты маңызды бағыт дамиды.

Сондай-ақ ол медтехника өндірісі бойынша әлемдік алпауыт алғаш рет Астанада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында академия ашуды жоспарлап отырғанын, онда тек медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялардың дамуын ынталандыратынын инженерлер де оқитынын айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: