Халық жасаған төлеміне сай сапалы жылу алуы керек – депутат

9 Қаңтар, 11:23 871

Түркістан облысына барған Мәжіліс депутаттары Қайрат Балабиев, Ерлан Әбдиев және Темір Қырықбаев Кентау қаласындағы нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Депутаттар «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, №5 жылу-энергоорталығын қайта жаңарту жұмыстарының атқарылуын қадағалады.

Қаңтар айының басынан бастап сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп келеміз. Халықпен өткен жүздесулердің барлығында дерлік жылу жетіспейді деген шағымдар көптеп айтылуда. Тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, Кентаудағы жылу-энергоорталығына кәсіпорынның бүгінгі қызметін арнайы көру үшін келдік. Орталықта төрт жылу қазандығы жұмыс істеп, жылу қуаты 60 пайыз ғана болып отыр. Бұл мәселені Кентау қаласының әкімдігімен партиялық құрылымдар арқылы тұрақты бақылауымызға аламыз. Халық жасаған төлеміне сай сапалы жылу алуы керек, – деді Қайрат Балабиев.

Жылу беруші ұйымның және кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер ұйымның қызметін жіті бақылауда ұстау керектігі жөнінде депутаттар Ерлан Әбдиев пен Темір Қырықбаев та айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: