Халық танитын тұлғалар әлеуметтік желідегі алғашқы хабаршылар – Джереми Гилли

20 Желтоқсан 2022, 15:49 1795

2023 жыл бейбітшілік және нақты шешімдер қабылданатын жыл. Ал мемлекет арасын жақындатып жүрген ерікті елшілер халықаралық әлеуетті жоғарылатуға үлес қоса алады. Бұл туралы медиа форумда «Бейбітшілік этикасы» сессиясында ерікті елші ретінде «Peace One Day» жаһандық жоба негізін қалаушысы сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Британдық режисер форумда Қазақстанды жаңа қырынан танып, оны әлемге жеткізу үшін арнайы фильм түсіруге болатынын айтты.

«Әлем этикасын қалыптастыратын - танымал адамдар. Халық танитын тұлғалар әлеуметтік желідегі алғашқы хабаршылар. Цифрлық кеңістік өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Режиссер ретінде геосаяси жағдайға тек бейбітшілікке шақыру туралы фильм түсіру арқылы ғана көмек қолын соза аламыз. Азаматтық қоғам соғысты тоқтатуға күш сала алады. 27 қыркүйектен бастап біз Бейбітшілік күнін тойлап келеміз. Бұл керемет күн және оны барлық азамат білуі қажет», деді Джереми Гилли.

Жаңа технологиялардың мүмкіндігі күнделікті кеңейіп келеді. Ұлтаралық қақтығыстардың да орын алуы әлеуметтік медианың кесірі. Қазіргі таңдағы бәрінің қолданысында жүрген смартфон ол – қару дегенді де атап өтті.

«Бүгінде күш көрсету деңгейі 95 %-ды құрап отыр. Отбасында, қызметте, қоғамда және мемлекет арасындағы қақтығыстардың болуы әлеуметтік желіден басталатынын жасырып қалу мүмкін емес. Адамның сана сезімін басқару оңай болғандықтан біз түрлі келеңсіз жайттарға тап болдық. Медиа форумның қорытынды сессиясында осы мәселелердің барлығы шешімін табады деген сенімдемін», - деп сөзін аяқтады.

Ел тыныштығын қамтамасыз ету аясында басшылар ғана емес, қарапайым деген халық та үлкен рөл атқарады. Мемлекет пен қоғамды жақындастыратын БАҚ. Спикерлер журналистердің әлеуетін арттыру қажет дегенді алға тартты.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: