Халық кімге сенім артса, сол депутат болады – Азаматхан Әміртаев

19 Наурыз 2023, 10:33 885

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Азаматхан Әміртаев конституциялық құқығын пайдалану үшін елорданың №92 мектеп-лицейінде орналасқан №52 учаскеге барды.

Таңнан бері халықтың белсенділігі байқалады. Бұл жақсы тенденция. Бұл сайлау әділ өтетініне сенімдімін. Бұл жерде ең басты мәселе – халықтың сенімі. Халық кімге сенім артса, солар депутат болып, мемлекет игілігне жұмыс істейді деп ойлаймын, - деді Азаматхан Әміртаев.

EL.KZ
Бөлісу: