ҚР Парламенті Мәжілісіне өзін-өзі ұсынған депутаттар бірігіп «Халық блогы» деген фракция құру керек. Бұл туралы Мәжіліс ғимаратының кулуарында бір мандатты округ атынан сайланған депутат Ермұрат Бәпи айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Сайлау күнінде Мәжіліске өзін өзі ұсынған депутаттар бірігіп, «Халық блогы» фракциясын құру туралы ұсынысымды айтқан едім. Мәжіліске өткен өзін-өзі ұсынған тәуелсіз депутаттардан бір мандатты округтер бойынша 29 депутат сайланды, оның 21-і «Аманат» партиясының мүшелері, қалған 7-і өзін-өзі ұсынған тәуелсіз кандидаттарды біріктіруді әлі де ұсынамын. Оны қолдау немесе қолдамау депутаттардың өз еркінде», - деді депутат.