«Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды

21 Қаңтар, 10:52 2754

"Хабар" агенттігінің бұрынғы бас директоры, 66 жастағы Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланып, марқұмның бұрынғы әйелі, елімізге белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт растады. 

Владимир Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиа менеджер.

Ашық дерркөздердегі мәліметке сүйенсек, ол 1987-1994 жылдары «Советтік Қазақстан» киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор, кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.

1996-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде басшылық қызметтерде (бас директордың бірінші орынбасары – басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор) жұмыс істеген.

2006-2011 жылдары - Еуразиялық медиа форумның бас продюсері,  «Хабар» телеарнасындағы «Поздний Рерих» телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болған. 

Владимир Рерих 2012 жылы Германияға қоныс аударған.

 

Жансая Әділбек
Бөлісу: