Сауд Арабиясы 2029 жылы өтетін Х қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушысы болып таңдалды. Бұл шешім 2022 жылы Камбоджада өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында қабылданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, жарыстар Троджена тау-шаңғы курортында өтеді. Бұл курорт қазіргі уақытта салынып жатқан ауқымды әрі қымбат Неом жобасының бір бөлігіне айналады.
Айта кетейік, Троджена Парсы шығанағындағы алғашқы төмен температуралы тау-шаңғы курорты болмақ. Онда ашық қарлы беткейлер қарастырылған. Алдағы Азия ойындарының өткізу орны жарыс басталғанға дейін бірнеше жыл бұрын толықтай дайын болады деп күтілуде. Сонымен қатар Сауд Арабиясы спортшылары осы жылы алғаш рет қысқы Азия ойындарына қатысты. Харбинде өткен жарыстарда олар тау шаңғысы және керлинг бойынша сынға түсті.
Еске салсақ, бұған дейін Азия ойындары тек төрт елде өткен болатын. Жапония бұл мультиспорттық шараны төрт рет өткізсе, Қытай – үш рет қабылдаған. Ал Қазақстан мен Оңтүстік Корея Азия ойындарын бір реттен ұйымдастырған.