ҒЖБМ өкілі: Студенттерді жатақханаға қабылдамау – өрескел құқық бұзушылық

21 Тамыз, 20:08 446

Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді жұмыстар жасалды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақерке Абылайханның мәліметінше, бірінші кезекте нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Барлық ЖОО-лар қабылдаған студенттерді міндетті түрде жатақханамен қамтамасыз ету талабы жалпы білім беру қызметін жүргізетін лицензиялық талап болып енгізілді.

Студент грантта оқыса да, ақылы форматта оқыса да, университет оны жатақханаға қабылдауға міндетті. Бұл талапты орындамау өрескел құқық бұзушылық болып танылады. Барлық университтер бұл талапты біледі, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Перизат Саденова
Бөлісу: