Ғылыми зерттеу жұмыстарын «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырады

15 Желтоқсан 2022, 09:35 1342

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті

Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке инвесторлар үшін бірлесіп қаржыландыруды көздейтін ғылым мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы жоба әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Нәтижесінде 2029 жылға қарай коммерцияландыру жобаларын жеке қаржыландырудың үлесін 50% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
ҒЗТКЖ қаржыландыру «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылады. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заңның тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары басталды.
 
Сонымен қатар эндаумент-қорларды құру кезең-кезеңімен енгізілуде, 20 академиялық шеберлік орталығы мен ғылыми-зерттеу хабын құру жоспарлануда. Ал жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер құрылатын болады.
 
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі президенттік бастамалар шеңберінде ғылымның 10 жетекші бағыты бойынша коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша жыл сайынғы конкурстарды іске қосуды жоспарлап отыр.
EL.KZ
Бөлісу: