Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері сәйгүлік мінгізді

26 Тамыз, 10:39 486

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Түркістан облысы Диxанкөл ауылының тұрғындары құрмет көрсетті. Бұл жолы туған ауылы Диханкөлде сәйгүлік мінгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спорт шеберіне құрмет көрсету үшін салтанатты іс-шара өтіп, ән мен әрлеп, айтыспен жалғастырды.

Сонан соң жерлестері дзюдошыға шапан жауып, сәйгүлік мінгізді.

Бұған дейін Ғұсман Қырғызбаевқа кәсіпкер Кеңес Рақышев көлік сыйлаған болатын. Сондай-ақ спортшыға Алматы әкімі Ерболат Досаев бір бөлмелі пәтер, ақшалай сертификат және жаңа автомобильдің кілтін табыстады. Алматы қаласының дзюдо федерациясы да Toyota Prado тізгіндеткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Judo kaz (@ippon_kaz)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: