Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады

28 Шілде, 19:32 500

Париж Олимпиадасында дзюдодан 66  келі салмақтағы жартылай финал белдесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғұсман Қырғызбаев финалға өте алған жоқ. Ақтық сын жолдамасы үшін таласта Қырғызбаев бразилиялық Виллиан Лимадан қосымша уақытта ұтылды. 

Осылайша, ол Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады. Ғұсманның кіші финалдағы қарсыласы - сербиялық Страхиня Бунчич. 

Зарина Арман
Бөлісу: