Гүлзира Айдарбекова құдағиына білезік тағып, тон жапты

24 Қаңтар, 16:06 39227

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құдағиына туған күнінде бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының Заңғардың қайын жұртын қонаққа шақырып, құда мен құдағиына құрмет көрсетті. Көңілді кештің видеосын Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады.

Отырыс су жаңа құдағидың туған күніне ұласып, түнгі 00:00-ден соң күйеу баласы Заңғар оған гүл шоғын сыйға тартса, Гүлзира Айдарбекова бағалы сыйлығын табыс етті. Продюсер құдағиына білезік тағып, тон кигізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: