Гүлзира Айдарбекова Қайратты "мамасының баласы" дейтіндерге жауап берді

6 Қазан 2023, 12:00 1097

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлын “мамасының баласы” деп айтатындарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

“Қайрат мамасының баласы” деген сөз көп айтты. Тіпті бұл сөз баламның психологиясына әсер етті десем де болады. Сөйтіп Қайрат бір концертінде осыған байланысты жауап берді. “Сен қандай жағдайда болсаң да, мейлі мүгедек бол, сені тастамайтын бір-ақ жан, ол – ана” деді. Жұмақтың кілті – ананың табанының астында дейді ғой. Баламның сол сөзінен кейін өзім жеңілденіп қалдым, себебі ол сөзден мен өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Бұл Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да диапазоны кең, дауысы мықты қанша мықты әншілер бар. Бірақ Құдай бақты көтере алатын адамға береді. “Қайрат анасының арқасында жүр” дейтіндей, мен оның орнына барып ән айтпаймын. Мен тек оның потенциалын көріп, сахнаға шығуына себепкер болған анамын. Ана жүрегім оған көмектескісі келді. Қайраттың арманын орындағым келді, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекова ұлына продюсерлік ететін адам іздеп, Қайратты қанатының астына алуды өтінген. Алайда продюсердің айтуынша, оның өтінішін елеп-ескерген жан болмады.

Қанша адамдардың алдына барып: “Продюсер болсаңыз екен” деп өтініш айттым. Ол кезде Қайрат танымал болмаған соң ешкім елеген жоқ. Кейін шыққаннан кейін ғана: “Охо, бізге беріңіз” деп жатты. Бірақ ол кезде бәрі кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, өзім сонымен айналысып кеттім. Армандарымның орындалғанына әлі күнге дейін қуанамын, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: