Қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова Айнұр Ілиясованың «Мамский әңгіме» YouTube арнасына берген сұхбатында тұрмысқа неліктен ерте шыққанын түсіндірді.
Айнұр Ілиясованың: 20 жаста тұрмысқа шықтыңыз. Қазіргі көзқараспен қарағанда ерте сияқты. Ал сіз ерте тұрмысқа шықтым деп ойламайсыз ба?» - деп сауал қойды.
Оқи отырыңыз:
Әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді
Кинодағы тағдыры өмірде қайталанғандар
Әнші бұған былай деп жауап қатты:
Солай көрінетіндей, оны ойлайтындай менде мүмкіндік болған жоқ. Солай болу керек болды. Шынымды айтсам, өмірімде жігіт пен қыз болып, жігітпен қол ұстасып жүрген емеспін. Барған жоқпын, өзі тауып алды. Бастапқыда оңай болған жоқ. Себебі қызметі бар, мен баламын. Бірақ мен бала болсам да, сондай шешім қабылдса, демек менің де ол кісімен сөйлесе алғаным. Себебі мен әжемнің қолында болдым, үлкен кісілердің тәрбиесін көрдім. Бала кезімде жеңгелерім маған «кемпірлер сияқты сөйлемеші, неге ақыл айтып отырасың» дейтін. Өз басым ер адам мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас әңгімеден тұрады деп ойлаймын. Әңгімелесе алсаң, ортақ әңгімең болса, онда отбасың сақталады. Қазір жастардың арасында бір-біріне талаппен ғана өмір сүретін жағдайлап көбейген. Қалауыңды орындатқаннан бөлек адам әңгімелесе де алуы керек. Көп отбасының ажырасып жататыны да сол. Негізі қатты шаршап тұрсам да міндетті түрде уақыт бөліп, әңгімелесеміз, - деді Оразымбетова.